Тараздық тұрғын танысын 2 млн теңгеге алдап кетті

26 Сәуір 2022, 21:15
1175
Бөлісу:
Тараздық тұрғын танысын 2 млн теңгеге алдап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуірде Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны полицияға жүгінген. 

Шағымында ол танысының үй сатып алуға көмектесемін деген сөзіне сеніп, оған банктен 2 млн теңгеге жуық несиені ресімдеп алып бергенін көрсеткен. Ақшаны алған танысы жасырынып жүреді, содан кейін мүлдем байланысын үзеді. 

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. 

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы