Тараздың шетіндегі каналдан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастап, сәбидің анасының кім екенін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

 istockphoto.com 19 Қыркүйек 2026, 12:17
19 Қыркүйек 2026, 12:17
101
Фото: istockphoto.com

Оқиға қаланың шетінде болған. Сәбиді алғаш болып балалар байқап, суда жатқан затты әуелі қуыршақ деп ойлаған. Кейін оның каналға тасталған жаңа туған сәби екені анықталған.

Расталмаған ақпарат бойынша, нәрестенің кіндігі де кесілмеген. Қыз баланы кім және қандай жағдайда суға тастағанын енді тергеу анықтайды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері ананың жеке басын анықтау үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.

Алғашқы тәулікте әйелдің ізі табылмады. Полицияның нақтылауынша, қазіргі уақытта қыздың анасы әлі де анықталған жоқ.

Наверх