Таразда жүкті келіншек өзіне қол жұмсады

16 Сәуір 2024, 11:03
3020
Бөлісу:
Таразда жүкті келіншек өзіне қол жұмсады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Көз жұмған әйел 33 жаста болған. Оның денесі жуынатын бөлмеде табылған. Өңірлік полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

33 жастағы жүкті әйел Тараздағы перзентхананың жуынатын бөлмесінде асылып қалған,  - делінген Жамбыл облысы ПД таратқан хабарламада.

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының мәліметінше, жүкті әйел жалған толғаққа байланысты бақылауда болған және тиісті ем алған. Оның орталықта болған уақытында ешқандай психологиялық ауытқулар болмаған. Осы қайғылы оқиғаға байланысты өңірдің полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оларды өткізу Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институтының мамандарына тапсырылды.

Құқық қорғау органдары ҚК-нің 105-бабы, 1-бөлігі ("суицидке дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өзгелердің жаңалығы