Таразда тағы бір подъезд карантинге жабылды

11 Сәуір 2020, 14:55
1621
Бөлісу:
Таразда тағы бір подъезд карантинге жабылды

Нүр-Сұлтан, BAQ.KZ.Таразда "Аса" шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Онда кеше 1975 жылы туған тұрғыннан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Қазір әйел инфекциялық стационарға жатқызылып, қажетті ем-дом шараларын алуда.

Эпидемиологиялық тексеру барысында  науқастың Нұр-Сұлтан қаласынан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. Онымен жақын қарым-қатынаста болған үш адам карантинге орналастырылды.

Подъезде және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді. Аталған подъездің пәтерлерінде тұратын 31 тұрғын 14 күнге оқшауланды. Оларға өз пәтерінен шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, ондағы жұмыс істейтін үш тұрғынға уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама берілді. Олармен өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Подъезд маңында полиция қызметкерлері кезекшілік етуде, - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тараз қаласының әкімдігі аталған үйдің карантиндегі тұрғындарын қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.


Өзгелердің жаңалығы