Таразда өрттен 20 адам құтқарылды

24 Наурыз 2023, 16:22
719
Бөлісу:
Таразда өрттен 20 адам құтқарылды
Фото: Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Тараздық өрт сөндірушілер өрттен 20 адамды қауіпсіз орынға көшірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс жөніндегі тобының мәліметінше, 2023 жылдың 23 наурызында сағат 21.41-де Тараз қаласы, 5 шағын ауданы, 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің бірінің балконынан өрт шықты. Өрттің ауданы 5 шаршы метрді құраған. 

Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 3 бірлік техника мен жеке құрамынан 8 адам шығып, өрт сөндіру және адамдарды қауіпсіз орыға шығару жұмыстарымен айналысқан.

Оқиға орнынан 20 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз орынға эвакуацияланды. Өрт сағат 21.56-да оқшауланып, 22.03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы