Таразда өрт болып, 79 адам эвакуацияланды

4 Қыркүйек 2026, 19:12
АВТОР
 ТЖМ 4 Қыркүйек 2026, 19:12
4 Қыркүйек 2026, 19:12
213
Фото: ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, бүгін, 4 қыркүйекте, Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағынауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде жиһаздың жанғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында баспалдақ арқылы ғимараттан 79 адам, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды, – делінген хабарламада.

Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесетінін еске салады. Электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз, ал төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған қаласындағы Алашахана көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеден өрт шыққан еді.

Сондай-ақ, Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма ғимаратынан өрт шыққан болатын.

Наверх