Таразда 1250 бейнебақылау камерасы орнатылады

12 Қазан 2022, 06:39
1275
Бөлісу:
Таразда 1250 бейнебақылау камерасы орнатылады

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте қауіпсіздік бейне камераларының орнатылу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергенов «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін (АБК) енгізу және оқу орындарындағы қауіпсіздік туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Тараз қаласының аумағында 210 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ жедел басқару орталығын қалпына келтіру жобасы аясында полиция департаменті Жедел басқару орталығына біріктірілген аналитика функциясы бар 100 бейнебақылау камерасы қойылған.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде 450 нысан анықталып, онда 1250 жалпы бейнебақылау камерасын және 48 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерін қою жоспарланған. Бүгінгі күні «Сергек» жалпы бейнебақылау камераларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген мекенжай бағдарламасына сәйкес 48 «Сергек» АБК-нің 15 бекеттері және 1250 бейнебақылау камераларының 520 бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - деді Б. Үдергенов.

Бүгінгі таңда қалған жабдықты орнату және монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ГТҚ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізілуде. Нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айында өнеркәсіптік пайдалануға және коммуналдық меншікке тапсыру көзделуде.

Өзгелердің жаңалығы