Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті

5 Тамыз 2022, 17:09
1257
Бөлісу:
Тараз қаласының әкімі  қызметінен кетті

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды.

Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Сенім артылған соң, еліміздің кез келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Алайда, сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан, мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесіне өттім, - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Ержан Жылқыбаев әріптестеріне алғыс білдіріп, аяқталмай қалған жобалар үшін шаһар тұрғындарынан кешірім сұрады.

Өзгелердің жаңалығы