Тараз қаласындағы өзекті мәселе қандай – облыс әкімі жауап берді

5 Желтоқсан 2023, 15:52
570
Бөлісу:
Тараз қаласындағы өзекті мәселе қандай – облыс әкімі жауап берді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы жылдың қыркүйек айында болған ауыс-түйістен кейін бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған еді. Облыс әкімінің айтуынша, облысқа барғалы таңнан кешке дейін қаланы, өңірді аралаған.

Мен өңірге әкім болып келген кезде 2 ай бойы Тараз қаласынан бастап 11 аймақты жүріп қала әкімімен бірге араладым. Қаладағы проблемаларды , тұрғындардың тыныс-тіршілігін өз көзіммен көрдім. Өз көзіңмен көру менің ойымша өте маңызды. 11 аймақты жүріп өткен кезде өзекті 3-4 мәселеге қол жеткіздік. Ол қаланың жол сапасы, тасымалдау жүйесін арттыру, қаланы жарықтандыру мәселесі. Өкінішке қарай біздің Тараз қаласында басқа да қалаларда жарықтандыру жүйелерінің бәрі дамымаған. Сондықтан осы мәлелерге көңіл аударамыз, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы