Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесінде 2 308 сайлаушы тіркелген

9 Маусым 2019, 09:56
4442
Бөлісу:
Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесінде 2 308 сайлаушы тіркелген
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназияда орналасқан №35 сайлау учаскесінде 2 308 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 18 жастағы 3 дауыс беруші бар. Мұнда бірінші болып тіркеліп, таңдауын жасаған Жамбыл облыстық «Новый регион» газетінің тілшісі Миxаил Бунинге аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан арнайы сый-сияпат тапсырылды.

Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесінде 2 308 сайлаушы тіркелген


 

«Өмірімде президенттік сайлауға қатысты екінші таңдауымды жасадым. Енді халық дауысымен сайланатын мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің сарабдал саясатының жалғасқанын қалаймын», - дейді ол. 

Сайлаушы өз сөзінде Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының іргесін қалаған еңбегін жоғары бағалайтынын да айтты. Бұл еліміздегі ұлттар достығын, бірлігін нығайтып, өзге мемлекеттерге үлгі болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ел экономикасын, әлеуметтік ахуалын өркендетудегі еңбегі де, халықаралық аренадағы беделі де тарих беттерінде қалуы тиіс.

Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесінде 2 308 сайлаушы тіркелген


 

Аталған сайлау бөлімшесінде осы күні 18 жастағы дауыс берушіге және ең қарт дауыс берушіге сыйлық қарастырылған. Дәл қазірге дейін таңдау жасап үлгергендердің қатарында Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев пен қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай да бар.

Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесінде 2 308 сайлаушы тіркелген


 

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша 484 сайлау бөлімшесі тұрғындардың дауысын қабылдауда.

Өзгелердің жаңалығы