Қарағандыда зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды.
Қарағанды облысының Полиция Департаментінен мәлім еткендей, банк бөлімшесінің жанында 29 жастағы ер адам 67 жастағы әйелге шабуыл жасап, қолындағы әмиянын жұлып әкеткен.
Келтірілген шығын көлемі - 117 мың теңге. Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен Теміртау қаласының тұрғынын жедел анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада зейнеткерді 6 миллион теңгеге алдаған Ұлттық банк "қызметкері" ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам: Бұрын кісі өлтіру ісі бойынша сотталғаны белгілі болды
Зейнеткерлерді алдап, ақшасын ұрлап келген ер адам Қарағандыдан ұсталды
132 мың адам зейнетақы шотында түк қалдырмаған – Министрлік шектік межені өзгертеді