Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің Жапониядағы фан-клубы «Ikanaide» мәтінінің авторы, танымал жапон лиригі Горо Матсуимен сұхбатын жариялаған. Ақын Димаштың ән орындауы қандай әсерге бөлегенін айтып берді.
Жапон ақыны бұл әннің Димаштың орындауында кездейсоқ тыңдағанын айтты.Мен «Ikanaide» әнін шетелдік әншілердің өз тілінде орындағанын талай рет естідім, бірақ жапон тілінде біреу оны бірінші рет осылай әдемі шырқады, - деп жазды Горо Матсуи өзінің твиттер парақшасында.
Жапон лиригі бұл композицияның күрделі екенін де атап өтті.Мен Димаштың «Ikanaide» әнін кездейсоқ естідім. Маған бірінші әсер еткені оның мөлдір үні мен мәнерлі дауысы болды. Мен басқа азиялық әртістердің бұл әнді орындағанын бірнеше рет естідім, бірақ олардың вокалдық шеберлігіне қарамастан ешқайсысы түпнұсқа мәтінінің шынайы мағынасын түсінбеген сияқты. Әннің хорында «Ах, Иканаида» жолы бірнеше рет қайталанады. Бір сөз болғанымен, әр жолдың мағынасы әртүрлі. Мұны Димаш сезінді деп ойлаймын, - деді ол.
Сондай-ақ Горо Мацуи Димаштың Коджи Тамакимен бірлесіп жазған «Анокоро э» («Уақытқа оралу») және «Досым» сияқты тағы бірнеше әнді орындауын ұнататынын айтты.Бұл композицияны тілді білетін әншінің де түсіну өте қиын. Оны орындау үшін уақыт өтуі керек деп есептеймін. Яғни, әннің сөзін толық жеткізу үшін вокалдық шеберлігі жағынан әдемі орындап қана қоймай, үлкен өмірлік тәжірибе қажет, - деді ол.
Айта кетейік, Горо Мацуи - 1981 жылы мансабын бастаған жапондық танымал ән жазушысы. Лирик өзінің дебюттік сөзін танымал жапондық Чаге мен Аска дуэтінің Hot Wind альбомына жазған.