Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 15:10
2765
Бөлісу:
Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға барып, дауыс бергендердің қатарында танымал тұлғалар да жоқ емес. 

Танымал пародист Олжас Сыдықбек елорданың №139 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

Таңда тұрып, ерте келіп өз таңдауымды жасадым. Менің таңдауым - еліміздің тұрақтылығы мен береке-бірлігі үшін, - деп жазды Instagram парақшасында Олжас Сыдықбек. 

Ал әнші Мөлдір Әуелбекова жолдасы рұқсат берсе, депутат болуға әзір екенін де жазған. 

Сайлауға барып, өз таңдауыма дауыс беріп келдім. Алдағы уақытта сәті келіп, Алла бұйыртып жатса, өзім де «депутат» болуға ниеттімін. Күйеуім рұқсат берсе, - деп жазды әнші өз аккаунтында. 

Әнші, продюсер Майра Ілиясова әрбір адамның дауысы шешуші екенін атап, қазақстандықтарды дауыс беруге шақырды.

Әр адамның дауысы шешуші. Ел болашағы үшін сайлауға барып, дауыс беруіміз қажет. Өзін қоғамның бөлшегі санайтын әр азамат бұл науқанға қатысқаны дұрыс. Мен өз таңдауымды жасадым, - деп жазды ол.
Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді

«Жастар» театрының директоры, актер Әділ Ахметов бүгін мемлекетіміз үшін тарихи күн екенін айтты. Ол сайлауға барып өз таңдауын жасаған. Дұрыс таңдау жасағанына сенімді екенін де атап өтті. 

Қазақстанның өнер қайраткері, дәстүрлі және эстрада әншісі Алма Аманғожина Алматыдағы Алатау ауданының халқы сайлауда белсенді екенін атап, өз таңдауын жасағанын айтты. 

Қазақстан жастары конгресінің жетекшісі Перизат Қайрат бүгінгі күннің басты оқиғасы - Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы екенін атап өтті.

Бүгінгі күннің басты оқиғасы - Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы. Ұлы даланың жауапты перзенті, еліміздің болашағына бейжай қарамайтын азаматша болған соң өз таңдауымды жасадым. №111 сайлау учаскесінде өз дауысымды бердім. Дауыс беру - бұл әрқайсымыздың азаматтық борышымыз және еліміздің келешегіне деген қамқорлық, - деді ол. 

Танымал актер Ернар Жұматаев та сайлаудан тыс қалмады.

Бүгін - тарихи күн, ел үшін, болашағымыз үшін, мен өз таңдауымды жасадым. Ең бастысы - халқымыздың тыныштығы, береке-бірлігі, - деді ол. 

Еліміздің дәстүрлі әншісі Досымжан Таңатаров та таңдауына дауыс берген.

Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді

Елдің амандығы мен тыныштығы үшін. Менің таңдауым тұрақты Қазақстан және үдемелі даму. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз, - деді ол. 

Астаналық цирктің бас директоры Ерік Жолжақсынов Нұр-Сұлтан қаласындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мен елдің тұрақтылығы мен береке-бірлігі үшін өз таңдауымды жасадым. Елдің амандығы мен тыныштығы үшін, - деді ол.
Танымал әнші Серікбол Сайлаубек те таңдау жасаған.

Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді

«Жамбыл» бокс клубының директоры да өз таңдауы қандай екенін жазды.

Танымал актер Асылхан Төлепов Нұр-Сұлтан қаласындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс бергенін жария етті.

Танымал әнші және актриса Айгүл Иманбаева да сайлауға қатысып, дауыс берген.

Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді

Еліміздегі белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та әріптестерінен қалмай, сайлауға қатысқанын жариялады.

Танымал тұлғалар сайлауға қатысып, дауыс берді


Өзгелердің жаңалығы