Тамыздағы ҰБТ-да 8 мың талапкер шекті балл жинады

16 Тамыз 2023, 21:34
936
Бөлісу:
Тамыздағы ҰБТ-да 8 мың талапкер шекті балл жинады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

15 мыңнан астам талапкер тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде түлектердің 65,27% қазақ тілінде, 34,44% - ы орыс тілінде, 0,29% - ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады. Тестілеу қорытындысы бойынша 8 мың талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 56%-ын құрайды. ҰБТ орташа балы 55 балды құрады. Ең жоғары балл – 125 балл. 

Айта кетейік, негізгі ҰБТ-ны тапсырған талапкерлерде бейіндік пәндер комбинациясын өзгертіп, тамыздағы тестілеуге қатысу мүмкіндігі болды. ҰБТ өткізу барысында 45 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. 

Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 29 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы