Тамара Дүйсенова Қызылорда облысының тұрғындарымен кездеседі

14 Желтоқсан 2022, 14:35
1079
Бөлісу:
Тамара Дүйсенова Қызылорда облысының тұрғындарымен кездеседі

2022 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Қызылорда облысының халқымен кездесуі жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде Әлеуметтік кодекс жобасының нормалары, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және халықтың табысын арттырудың, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадрлар даярлауға қатысты өзекті мәселелері талқыланады.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жолдауға болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.

Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79, 74 37 23.

Азаматтарды кездесуге қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы