Талдықорғанның мәйітханасына 5,5 млн айыппұл салынды

6 Шілде 2023, 07:37
601
Бөлісу:
Талдықорғанның мәйітханасына 5,5 млн айыппұл салынды
Фото: zakon.kz

Талдықорғандағы мәйітханадан санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 5,5 миллион теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мәйітхананы тексеру әлеуметтік желідегі атышулы видеодан кейін басталған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлеріне толық антисанитарлық жағдайдың фотосы ұсынылды. Ғимарат пен құрал-жабдықтар аянышты жағдайда болған. Мамандар хаттама жасап, басшылыққа айыппұл салып, барлық заң бұзушылықтарды тез арада жоюды талап етті.

Санитарлық нормалардың сақталмауы, оның ішінде ғимараттағы санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталмауы бар. Ғимарат өте ескі деп танылды. Сонымен қатар кәріз құбырлары да стандартқа сай келмеді. Осындай заң бұзушылықтарды анықтаған соң мекеменің мамандары тексеру жүргізді. Біздің департамент осы филиалдың басшылығына 1600 АЕК көлемінде айыппұл салды, - деп хабарлады .Жетісу облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.

Өзгелердің жаңалығы