Талдықорғанда жертөлеге құлап кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылардың мәліметінше, Талдықорған қаласында 1968 жылы туған ер адам көпқабатты үйдің жертөлесіне құлап кетіп, өз бетімен шыға алмай қалған. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары арнайы баспалдақ арқылы азаматты шығарып, оны медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды сақ болуға және қажет жағдайда 112 нөміріне жедел хабарласуға шақырады.
Оқи отырыңыз: