Талдықорғанда УАЗ Patriot жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам зардап шекті

25 Ақпан 2023, 12:37
790
Бөлісу:
Талдықорғанда УАЗ Patriot жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам зардап шекті
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ мәліметіне сәйкес жол көлік оқиғасы 24 ақпанда Талдықорғаннан шыға берісте Алматы-Өскемен автожолының 273 шақырымында болды. 

69 жастағы УАЗ Patriot жүргізушісі "жол беріңіз" белгісін елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан. Жол талғамайтын көлік салонында бес адам болды, олардың төртеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жол апатын тергеу ҚР ҚК 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы