Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды

24 Наурыз 2023, 20:17
686
Бөлісу:
Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды
Фото: Polisia.kz

Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады, - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Өзгелердің жаңалығы