Талдықорғанда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

1 Мамыр 2023, 17:49
832
Бөлісу:
Талдықорғанда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Фото: gdp7.medgis.ru

Талдықорғанда полиция қызметкерлері көпірден өзін тастап, суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 мамыр күні таңертең 102-ге көпірден Қаратал өзеніне секірмек болған жас әйел туралы хабарлама түскен. Құрамында Дамир Анаятов пен Ержан Жасұланұлы бар жақын маңдағы патрульдік бригада, сонымен қатар учаскелік инспектор Мұрат Сарыбаев жедел әрекет етті. Көпір маңында өтіп бара жатқан ер адам да тәртіп сақшыларына қызды көпір астынан алып шығуға көмектескен.

Құтқарылған қыз Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Қызды бекініске жеткізген полицейлер алдын ала әңгіме жүргізумен шектеліп, кейін туыстарына тапсырған. Қыз мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр, - делінген Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы