Талдықорғанда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

1 Маусым 2023, 14:25
1619
Бөлісу:
Талдықорғанда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
PHOTO
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Талдықорғанда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған екі бірдей нысан бір күнде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Соның бірі облыстық перинаталды орталық жанынан құрылған «Қамқорлық» ерте емдеу орталығы болса, екіншісі – жеке ғимаратта орналасқан Аутизм және басқа да ментальді бұзылулары бар балаларға әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге арналған күндізгі болу орталығы. Әлеуметтік мекемелердің ашылуы - Жетісу облысы әкімдігінің «Қамқорлық» корпоративтік қоры, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, Назарбаев қоры және «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жобасының бас серіктестігі кәсіби командасымен бірлескен жұмыстарының нәтижесі. Екі әлеуметтік нысан да дәрігер мамандардың медициналық қорытындысы және медико-әлеуметтік сараптаманың жолдамасы бойынша тегін қызмет көрсетеді. Орталықтардың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли көрсеткен қолдаулары үшін қоғамдық қорлардың өкілдеріне алғыс айтты.

Талдықорғанда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Облыстық перинаталды орталықтың директоры Қанат Жұмашевтің айтуынша, облыстық перинаталдық орталықтың жанынан нейро-ортопедиялық бұзылулары және олардың даму қаупі бар балаларға ем жүргізу мекемесін ашу ісі қолға алынған. Атап айтқанда, мұнда церебралды паралич, мерзімінен ерте туған сәбилер, Даун синдромы, орталық нерв жүйесі зақымданған басқа да сырқаттары бар балалар ем ала алады.

Талдықорғанда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Түрлі кемістікпен туған балаларға уақытында ем жасаса, денсаулығын едәуір жақсартуға мүмкіндік бар, ал кеш жүргізілген емнің нәтиже беруі қиын. Сондықтан ерте бастан емдейтін бұл орталықтың жұмысы ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығын сауықтыруға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын, - дейді Жұмашев.

Мұнда 3 айдан 3 жасқа дейінгі балалардың денсаулығы қадағаланады. Орталық айына 50 бала қабылдай алады. Мұнда балалардың әр 2-3 ай сайын ем қабылдауына жағдай жасалған, себебі ерте басталған ем үздіксіз жүргізуді қажет етеді.

Емдеу орнында диагностикалық аудиологиялық тексеру және соңғы үлгідегі мидың электро энцефалограммасы бар. Мұнда арнайы медициналық мамандардан невролог, реабилитолог, ЛФК дәрігері, педиатр, балалар ортопеді, сурдолог дәрігер, педагогикалық құрамнан дефектолог, логопед, эрготерапевт, балалар психологы мамандары жұмыс істейді.

Талдықорғанда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Осы күні Талдықорғанда осындай тағы бір нысан есігін айқара ашты. Аутизм және басқа да ментальді бұзылулары бар балаларға әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуге арналған күндізгі болу орталығы ерекше балаларға қызмет көрсете бастады.

Нысан 2 қабатты корпуста орналасқан. Осы қолайлы ғимарат жергілікті бюджет есебінен сатып алынып, оған жалпы сомасы 200 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Қажетті жабдықтарды қорлар сатып әперді. Орталық 125 орынға есептелген. Аулада балаларға арналған волейбол, футбол алаңдары бар.

Орталық сенсорлық, емдік дене шынықтыру кабинеті, дефектология, музыка, физиотерапия, массаж, ем-шара бөлмесі, робототехника, логопед, конференция залы, психолог кабинеті, еңбекке баулу, қыш құмыра жасау бөлмелерімен қамтылған.

Келуші ата-аналардың бірі, Қорлан есімді тұрғын орталықтың ашылғанына қуанғанын жасырмады. Енді баласын алысқа бармай-ақ жергілікті жерде оңалтуға мүмкіндік туғанын айтты.

Қазір ұлым алты жаста, бірте-бірте сауығуға қадам басып келеді. Мұнда балаларға білікті мамандар тиісті көмек көрсетеді. Ең бастысы балаларымыз барлық процедураларды тегін ала алады, - деді Қорлан.

Аутизм және басқа да ментальді бұзылулары бар балаларға арналған орталықтың моделі АҚШ-тың халықаралық орталықтарының үздік бағдарламаларына негізделген. Сонымен қатар отандық тәжірибені де пайдаланады. Баланы қоғамға бейімдеу үшін АВА-терапия, сенсорлық интеграция, баламалы коммуникация, кәсіптік терапия, кинезиотерапия әдістері пайдаланылады. Көмектің тиімділігін арттыру үшін отбасылық-орталықтандырылған тәсіл қолданылады.

Талдықорғанда аутизмге шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Аутистік спектрінің бұзылуы бар балалардың ішкі жағдайы, жүйке жүйесі ерекше, олар әлемді өзінше қабылдайды. Сондықтан олардың әлемді түсінуі, қабылдауы өзгеше. Уақытылы психологиялық-педагогикалық көмек беру баланың дамуын түбегейлі жақсартады дейді мамандар. Талдықорғанда ашылған әлеуметтік нысандар ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығын жақсартуға өзінің оң ықпалын тигізетін болады.

Өзгелердің жаңалығы