Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды

28 Қазан 2022, 02:50
782
Бөлісу:
Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды

Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғандағы саяжай алқаптарының бірінің шетінде өңірдің полицейлері ҰҚКД жедел уәкілдерімен бірлесіп, ірі қару қоймасын анықтады. Оқиға орнында Сайга карабині, ИЖ-56 аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, 13 гильз, кісен және кабур тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс басталды. Қару сараптамаға жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы