Талдықорғандағы зауытта жауынгерлік снаряд жарылды: екі адам жарақаттанды

29 Маусым 2021, 12:25
1800
Бөлісу:
Талдықорғандағы зауытта жауынгерлік снаряд жарылды: екі адам жарақаттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғандағы арматура зауытында 28 маусым қарсаңында жауынгерлік снаряд жарылды. Екі жұмысшы зардап шекті.

Бір жұмысшыға шұғыл ота жасалды, қазір ол орташа ауыр жағдайда, деп хабарлайды «Іnformburo.kz»

Зардап шеккендер зауыт жұмысшылары. Ер адамға снарядтың бір бөлігі сол бүйрегіне тиген. Оны кесіп алып тастадық. Науқас дәрігерлердің бақылауында, - деді Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың хирургі Қуат Нұрланұлы. 
Жарылыс түнде Арматура зауытының қоймасында болған. Онда саперлер жұмыс істеп жатыр. Осы сәтте жақын жерде үш жұмысшы болған, екеуі жараланған, дәрігерлер тексеруден кейін үшіншісін үйіне жіберген. Әзірге шұғыл қызметтер бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорнының аумағына жауынгерлік снарядтың қайдан пайда болғаны белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы