Талдықорғанда рұқсат етілмеген митингке шыққандарға ескерту берілді

9 Ақпан 2021, 12:10
1985
Бөлісу:
Талдықорғанда рұқсат етілмеген митингке шыққандарға ескерту берілді

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 ақпанында Instagram әлеуметтік желісінде Талдықорған қаласының көшелерінің бірінде бір топ адамның митинг өткізіп жатқан бейнеролигі жарияланған болатын. Кеше Талдықорған әкімшілік соты осы митингті өткізушілерге қатысты істі қарады.

Алматы облыстық соты таратқан мәліметте, оқиға болып жатқан жерге құқық қорғау органдарының уәкілетті қызметкерлері келіп, мән-жайды анықтау кезінде митинг рұқсат етілмегендігі анықталғаны айтылады. Белсенді тұлғаның біріне ұйымдастырушы, ал қалған тұлғаларға қатысушы деген мәртебе беріліп, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің  488-бабының бөліктерімен хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданған.

8 ақпан 2021 жылы Талдықорған әкімшілік соты «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзған бір топ азаматтарға қатысты әкімшілік іс материалдарын қарады. Сот іс материалдарын зерделеп, құқық бұзушылардан жауап алып, жауапқа тартылушылардың мінез-құлқына баға бере келе, сотқа ӘҚБтК-тің 488-бабының 7-бөлігімен берілген К.-ның іс-әрекеті ӘҚБтК-тің 488-бабының 6-бөлігіне қайта сараланып (ұйымдастырушы мәртебесі қатысушы болып өзгертіліп), сотқа берілген тұлғалардың барлығы кінәлі деп танылып, барлығына тек «әкімшілік ескерту» берумен шектелді,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы