Талдықорғанда өртенген үйден 52 адам эвакуацияланды

5 Қазан 2021, 11:29
3289
Бөлісу:
Талдықорғанда өртенген үйден 52 адам эвакуацияланды

Алматы, BAQ.KZ. Талдықорғанда 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам құтқарылды.

Алматы облысы ТЖД-нің дерегінше, 4 қазан күні сағат 16:54-те Самал шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабар жеткен. Талдықорған қаласының өрт сөндіру бөлімшелері аталған мекен жайға дереу жіберіледі.

Өртті сөндіре отырып, адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмыстар дереу ұйымдастырылды. 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 43 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және 52 адам өз бетінше эвакуацияланды, - делінген хабарламада.

Өрттің ғимарат төбесіне және көрші пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ. Өрт орнында Алматы облысы ТЖД 33 қызметкері мен 10 техникасы, сондай-ақ полиция, жедел медициналық көмек және авариялық-газ қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.

Өрт сағат 17:19-да ауыздықталып, сағат 17:33-те 21 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт сөндірілмей қалған темекіден шығуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы