Талдықорғанда карантин күшейтілді

13 Қаңтар 2021, 02:26
1731
Бөлісу:
Талдықорғанда карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік дәрігері Талдықорған қаласында карантин режимін қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды.

Соңғы 14 күнде қалада коронавирустық инфекция ауруларының саны 166 жағдайды құрады. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 1127,5.

Қаулыға сәйкес, 15 және одан да көп қызметкері бар мемлекеттік кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылады. Медициналық, полиция, өртке қарсы қызмет, авариялық-құтқару және өзге де шұғыл коммуналдық қызметтер (жылумен, сумен, энергиямен, газбен жабдықтау, кәріз, ЖЖМ, АГҚС, АЖС, байланыс, коммуникациялар, инкассация қызметі, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, дезинфекциялау, көп қабатты тұрғын үйлерге сантехникалық қызмет көрсету) қызметкерлерін қоспағанда.

Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу, сондай-ақ жаппай корпоративтік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салу сақталады.

Сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (орталықтарының), сауда желілерінің, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, қызметі тоқтатыла тұрады.

Азық-түлік өнімдерін сатуды қоспағанда, сатылатын ассортиментке қарамастан барлық сауда базарлары мен дүкендер.

Барлық мәдениет объектілері (театрлар, мұражайлар, көрмелер және т.б.).

Спорт нысандары, фитнес-орталықтар, бассейндер, қоғамдық моншалар, сауналар.

Қысқы туризм және ашық ауадағы демалыс объектілерін (Мұз айдындары, шана-балонды еңістер және т.б.) қамтиды.

Қоғамдық көлік 06:00-ден 10:00-ге дейін жұмыс істейді. 17:00-ден 20:00-ге дейін.

Қоғамдық тамақтандыру объектілері 09:00-ден 00:00-ге дейін дайын тағамдарды шығару және жеткізу үшін ғана жұмыс істей алады.

Мамандандырылған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автомобильдерді (полиция, жедел медициналық көмек басқармалары, өртке қарсы қызмет басқармалары, тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды тасымалдайтын жүк және жеңіл машиналар және т.б.) қоспағанда, көліктің кез келген түрінің жүріп-тұруы тоқтатыла тұрады.

Сондай-ақ белгіленбеген орындарда сауда жасауға тыйым салынады. 

Қаулы 2021 жылғы 15 Қаңтарда 00:00-ден 2021 жылғы 29 қаңтарда 07:00-ге дейін қолданылады.

Өзгелердің жаңалығы