Талдықорғанда футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

13 Маусым 2021, 22:38
2958
Бөлісу:
Талдықорғанда футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Алматы, BAQ.KZ. Талдықорған қаласында БАҚ өкілдері арасында журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Журналистер арасында өткен сайысқа еліміздің әр түкіпірінен келген сегіз команда қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Алматы қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Тараз, үшінші орын Шымкен қаласының командасына бұйырды.

Өскемен мен Қызылорда командасы да жақсы дайындықпен келген, алайда сәттілік жетіспеді.

Танымал журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры болған Бейсен Абайұлы Құранбек былтыр мамыр айында 49 жасына қараған шағында өмірден озған еді. Бұған дейін Талдықорған қаласындағы 5 қабатты үйдің қабырғасына журналистке арналған мурал салынған.

Өзгелердің жаңалығы