Талдыкөл ауылында полиция патрульдік бақылауды күшейтті

25 Мамыр 2024, 15:26
406
Бөлісу:
Талдыкөл ауылында полиция патрульдік бақылауды күшейтті

Толық эвакуацияланған Талдыкөл ауылында полиция патрульдік бақылауды күшейтті, деп хабарлайды  BAQ.KZ.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің қарқыны күшейіп, Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылына су басу қаупі төнуіне байланысты, толық эвакуацияланған ауылда қоғамдық қауіпсіздікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға және патрульдік бақылауға күн сайын 14 полиция, 5 патруль жұмылдырылды

Патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізіледі.

Адамдар эвакуацияланған барлық тұрғын үйлер мен шаруашылықтар тәулік бойы күзетілуде.

Басты міндет – қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, талан-таражға жол бермеу, сондай-ақ халыққа барлық қажетті көмек көрсету.

Жағдай жіті бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы