Талдықорғанда офицердің денесі табылды

25 Желтоқсан 2019, 17:12
2462
Бөлісу:
Талдықорғанда офицердің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда офицердің денесі табылды. Аталған фактіні Қорғаныс министрлігінде растады.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамның денесі 24 желтоқсан күні табылған. Басқа мәліметтер тергеу ісіне байланысты құпия ұсталып отыр.

Ведомство қаза болған ер адамның отбасына көңіл айтқан.

Бұған дейін Instagram-дағы angry_taldyk парақшасында Талдықорғанда майордың қаза тапқандығы туралы ақпарат жарияланған еді. Ол Талдықорғандағы №48386 әскери бөлімде техникалық бөлім командирінің орынбасары болып қызмет еткен.

Ер адамды Қаратал шағын ауданындағы өз үйінің жанында кешкі сағат 19:30 шамасында белгісіз қарудан атып кеткен.

Алматы облысы полициясында аталған іс "Кісі өлімі" бабы бойынша тергеліп жатқандығын айтқан.

Талдықорғандағы Қаратал шағын ауданында табылған 36 жастағы майордың өліміне қатысты қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Іс сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестіріне тіркелді. Тәжірибелі қызметкерлерден жедел-іздестіру тобы құрылды. Аталған іс Ішкі істер министрлігінің жіті бақылауына алынды, - делінген вдомствоның баспасөз қызметінде.

майор.jpg
Өзгелердің жаңалығы