Талдықорғанда АИТВ жұқпасының алдын алу шарасы өтті

20 Қыркүйек 2019, 21:54
1609
Бөлісу:
Талдықорғанда АИТВ жұқпасының алдын алу шарасы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасына сәйкес, адамның иммун жүйесінің зақымдануының алдын алуға бағытталған арнайы акция өтті. Бұл туралы taldykorgan-online.kz сайтында хабарланды.

Облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысқан шараны «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Аталған бірлестіктің жоба жетекшісі Анель Сырлыбаеваның айтуынша, акцияның басты мақсаты – жастарға АИТВ жұқпасының таралу жолдары туралы жан-жақты түсіктеме беріп, одан сақтанау шараларын дәріптеу. Бірлестік өкілдері осыған дейін де аймақтағы әрбір жоғары оқу орындарында түрлі кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Акция барысында сөз алған мамандардың мәліметінше, бүгінде жалпы елімізде 60 мыңға жуық адам осы дертті жұқтырса, соның 3 мыңнан астамы Алматы облысында тіркелген. Сондықтан да мұндай алдын алу шаралары ел ертеңі саналатын жастар үшін ауадай қажет дейді шараны ұйымдастырушылар.

Осы орайда қатысушылар өздерін мазалаған түрлы сауалдарға тұшымды жауап алып, шара соңы «АИТВ/ЖИТС жайлы не білеміз?» атты зерделік байқаулар мен концерттік бағдарламаға ұласты.

Өзгелердің жаңалығы