Талап бұзған түнгі клубта пышақпен жүрген азамат полицияға жеткізілді

1 Қараша 2020, 06:50
1574
Бөлісу:
Талап бұзған түнгі клубта пышақпен жүрген азамат полицияға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 25 жастағы азаматтың түнгі клубта пышақпен жүргені анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 25 қазанда шамамен түнгі  сағат 00:30-да Абай АПБ ювенальды полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Гагарин көшесінің бойында орналасқан «Метро» түнгі клубының карантин талаптарын бұза отырып, жұмыс істеп тұрғанын байқаған.

Аталған клубтың әкімшілігімен және оның келушілерімен профилактикалық сұхбат жүргізу барысында клубтың бір қонағында жиналмалы пышақ бар екені анықталып, аталған азамат полицияға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде аталған нысанның әкімшілігіне қатысты карантиндік шектеулерді өрескел бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес құжаттар жинақталып, Шымкент қаласы Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Өзгелердің жаңалығы