Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

15 Ақпан 2021, 09:36
5863
Бөлісу:
Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық ұланның жедел құрамының 4-жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтар жөніндегі орынбасары Арман Әбдірасылов жас сарбаздардың жауынгерлік жолы туралы айтып берді.

Арман Әбдірасылов Қарағанды қаласында дүниеге келіп, Қостанай облысының Арқалық қаласында өскен. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Үйде 5 ағайындымыз. Ата-анам барлығымызды оқытып, бір-бір тұлға етті. Әкем 1985-1989 жылдары аралығында Қарағанды қаласында орналасқан Кеңес үкіметі кезінде Ішкі істер министрлігінің милиция жоғары оқу орнын тәмамдаған. Торғай облысында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеп, 2007 жылы зейнетке шықты. Анам әкемнің сенімді тылы демекші, үй шаруасы мен бала тәрбиесімен айналысты, - деді ол. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Арман Әбдірасылов «Әке көрген оқ жонарды» басшылыққа алып, әкенің жолын жалғастырғысы келгенін айтты. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Әкемнің қызметтес достары да үйге жиі келетін. Солардың ішінде Қорғаныс істер басқармасының бастығы Жұма деген досы ылғи әскери киіммен жүретін еді. Әскери техникаларына отырып, қызығатын едім. Сол кездері Жұма аға «сен де әскери қызметші боласың» деп айтып, бас киімін сыйға тартқан еді, - деді ол. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Ол атағандай, әскери қызметші болуға деген қызығушылық 5-6 сыныптары пайда болған. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

2004 жылы 9-сыныпты аяқтаған соң, әкеме Қарағанды қаласындағы республикалық әскери мектепке емтихан тапсырғым келетінін айттым. Алайда әкем 11-сыныпты аяқтауымды сұрап, кейін бірден әскери оқу орнына түсуге кеңес берді. Себебі ағам 2002 жылы әкемнің жолын қуып, Қостанай қаласында орналасқан ҚР Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтының 2-курс тыңдаушысы болып білім алып жүр еді. Оны анам қатты уайымдап жүргенін айтты. Ағам келгенше мектепте оқуымды сұрады, - деді Арман. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Осылайша, ол 2006 жылы өз мақсатын орындайды. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Менің таңдауым Петропавл қаласында орналасқан Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери училещесіне түсті. 2010 жылы осы оқу орнын аяқтап, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер округінің 6654 әскери бөлімшесінде лейтенант шенінде жұмысымды бастадым. Аталған әскери бөлімде әртүрлі лауазымдарда қызмет еттім. 2015 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне ауысып келдім. Қазір осы жерде қызмет етіп жатырмын, - дейді ол. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Әскери қызметші атағандай, Конституцияның 37-бабында айтылғандай, ол Отанды қорғау парызын жүзеге асырып жүр. 

Әскерге келген жас сарбаздарды әскери іске үйрету әр командирдің міндеті. Біздің бөлімде де биылғы жас сарбаздарды жауынгерлік қызметке дайындау жүріп жатыр. 31 қаңтарда елдің әр облысынан келген жас сарбаздар әскери ант қабылдады. Одан соң жеке құрамға өзін-өзі таныстыру өтті. Әр сарбазға жауынгерлік қару берілді. Сарбаздар арнайы міндеттерді меңгеріп, қылмыстық, әкімшілік кодекстің баптарын жаттап жатыр. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сарбаздар тәлімгерлікті толық өткен соң шығады, - деді ол. 
Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Әбдірасылов «Отан от басынан басталады» демекші, әр адамның азамат болып қалыптасуы әке-шешенің тәрбиесіне байланысты екенін айтады. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Баланың тұлға болып қалыптасуы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетуі ата-ананың тәрбиесінен басталады. Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынаған ел құл болмайды» дегеніндей әскери салада ең бірінші кезекте темірдей тәртіп тұрады. Әскери тәртіпті сақтау адам бойында жауапкершілік пен адамгершілікті, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, - деді ол. 
Әбдірасылов айтқандай, ол жас сарбаздарды отансүйгіштікке, жауапкершілікке және әдептілікке тәрбиелейді. 
Биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Ұлттық ұланның басты міндеті – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тыныштықты сақтау. Біз, Ұлттық ұлан сарбаздары, ұранымызда айтылғандай, «жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан елі мен халқына қорған» демекші халық тыныштығын қамтамасыз етуге дайынбыз, - деді ол. 

Темірдей тәртіп керек. Жас сарбаздар қандай дайындықтан өтеді?

Әскери қызметші қазіргі таңда жұбайы екеуі 3 қыз тәрбиелеп отырғанын айтты. 

Қыздарымызды өсіріп, жоғары оқу орнына түсіріп, әке-шешемізді болашақта Меккеге апаруды арман етеміз. "Генерал болуды армандамайтын сарбаз жоқ" шығар. Тәуелсіз еліміздің тыныштық жолын қамтамасыз ету үшін қызмет етіп, генерал шенін алсам деген арман-мақсатым бар. Отанымыздың тыныштығын сақтау жолында адал қызмет ете бермекпіз, - деді Әбдірасылов.

 



Өзгелердің жаңалығы