Таиландта пойыз автобуспен соқтығысып, 20 адам қайтыс болды

11 Қазан 2020, 15:07
1581
Бөлісу:
Таиландта пойыз автобуспен соқтығысып, 20 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландтың солтүстік-шығысындағы теміржол өткелінде пойыз бен автобустың соқтығысуынан 20 адам қайтыс болып, 30-дан астам адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Чачоенгсао табиғи апаттардың алдын алу және азайту жөніндегі басқарманың есебінде айтылған, деп хабарлады ТАСС.

Басқармадан хабарлағандай, 60-қа жуық адамы бар  автобус Самутпракан провинциясынан Чачоенгсао ғибадатханаларының біріне бет алады. Апат жергілікті уақыт бойынша 08:00 ауданында шлагбаумдарсыз реттелетін теміржол өткелдерінің бірінде орын алды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автобус жүргізушісі жұмыс істеп тұрған семафорға қарамастан,пойыздың алдынан өтіп кетуге тырысқан. Қақтығыс салдарынан 20 адам қайтыс болды, 30-дан астам адам жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың жолаушылары Самутпракан зауыттарының бірінде жұмыс істейді. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеуде.


Өзгелердің жаңалығы