Таиландта 10 адамды улап өлтірген әйел тұтқындалды

28 Сәуір 2023, 20:50
528
Бөлісу:
Таиландта 10 адамды улап өлтірген әйел тұтқындалды
Фото: Хабар24

Таиландта полиция 10-нан аса адамды улап өлтірген әйелді тұтқындады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

36 жастағы келіншек достары мен олардың жақындарын ажал құштырған. Ол жауыздық әрекетін цианидпен, яғни химиялық затпен жүзеге асырған. Ал қылмыстың бәрі қаржымен байланысты болған. 

Жас келіншек күдікке осыдан 2 аптадай бұрын құрбысының өлімінен кейін ілінеді. Тергеу оның да ағзасынан цианидті табады. Бұл басқа қылмыстарды ашуға көмектескен. 

Бізде қылмыс цианидпен жасалғандығына нақты дәлелдер бар, - дейді Бангкок қаласы Қылмыспен күрес жөніндегі полиция бөлімі басшысының орынбасары Анек Таосупарп.

Қолдағы мәліметтер күдікті оны қолданғанын анық көрсетіп отыр. 

Мен ол туралы жаңалықтардан естіген соң оның қаншалықты жауыз болғанына басында сене алмадым. Әдетте ол үйіне оралған соң ешкіммен араласпайтын. Көбіне әке-шешесіне немесе бір жаққа кетіп қалатын,  - дейді күдіктінің көршісі Порнтип Шривалират.

Өзгелердің жаңалығы