Тағы екі өңірде жол жабылды

3 Ақпан 2024, 20:12
1043
Бөлісу:
Тағы екі өңірде жол жабылды
Фото: Архив BAQ.KZ

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Осыған байланысты сіздерден жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, алыс жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. Жол жүрген кезде қашықтықты, жылдамдықты сақтап, басып озу және кенеттен маневр жасамау керектігін есте ұстаған жөн", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар күре жолдың "Екатеринбург – Алматы" 1292 - 1353 шақырымындағы Жібек жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралықта жол жабылған болатын.

Енді қатты жел, боран, жол көрінісінің шектелуіне байланысты Қарағанды ​​облысындағы Астана - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жүруге шектеу енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы