Тағы да несие. Бұл жолы машина жасаушыларға беріледі

22 Қыркүйек 2022, 12:52
1548
Бөлісу:
Тағы да несие. Бұл жолы машина жасаушыларға беріледі

Бұл туралы Қазақстан машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Өмірсерік Ержанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде бұл сала бойынша 3,5 мыңнан астам мекеме бар. Машина жасау саласында 115 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінгі жиынды олардың дамуын ілгерілетіп, ішкі нарықта өтімді болуы қандай жағдай  жасау керек екені айтылды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың тұрақтылығын сақтау үлкен маңызға ие. Биыл салаға 185 миллиард теңге қаржы бөлінді, келер жылы одан да көп бөлінеді деп сенеміз, - дейді Өмірсерік Ержанов Қазақстан машина жасаушыларының 10-шы форумында.

Форумда Үкімет шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 3 пайыздық жеңілдікпен несие беруді жоспарлап отырғанын айтты.

Бұған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов машина жасау саласындағы экспортты арттыру керек екенін айтты.

Бізде машина жасау өнімдерінің импорты 17 миллиард доллар жетіп отыр, ал экспортымыз  2 миллиард доллар ғана. Біздің экспорт импорттан бірнеше есе асып түсуі үшін  бұл жағдайды өзгертуміз керек деп ойлаймын. Әрине, қазіргі таңдағы жағдай бізді алаңдатып отыр. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін жүйелі және кешенді шаралар қажет. Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының бағдарламалық құжатын қабылдайтын кез келді деп ойлаймын. Себебі дамудың жүйелі ұзақ мерзімді тәсілі болмаса бұл салада елеулі нәтижелерге қол жеткізу қиын болады, - деген еді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы