Тағы бір Білім бөлімінің басшысы ұсталды

20 Қараша 2023, 13:08
11196
Бөлісу:
Тағы бір Білім бөлімінің басшысы ұсталды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Маңғыстау облысында Білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы әшкереленді. Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктеліп отыр, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.

Оның сөзінше, соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бұған дейін Антикор Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы