Тағы бір басшы пара алды деген күдікке ілінді

16 Қаңтар 2024, 16:54
13722
Бөлісу:
Тағы бір басшы пара алды деген күдікке ілінді
VIDEO
Фото: скрин

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті, - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы