Тағы бір адам құтқарылды, кемінде үшеуі үйінді астында - Қостанай ТЖД бастығы

11 Желтоқсан 2023, 16:09
911
Бөлісу:
Тағы бір адам құтқарылды, кемінде үшеуі үйінді астында - Қостанай ТЖД бастығы
Фото: "Наша Газета" телеграм-каналы

Қостанайда ғимараттағы жарылыс салдарынан болған үйіндіден тағы бір адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қостанай облысы ТЖД бастығы Қайрат Қасым қазір үйінді астында кемінде үш адам болуы мүмкін дейді.

Құтқарылған 40 жастағы ер адам, бас-ми жарақатын алған. Жұмыс беруші ұсынған тізімге сәйкес үйінді астында кемі үш адам болуы ықтимал. 

Үйінді астында мекемеге қатысы жоқ адамдардың, яғни мекеме клиенттерінің бар-жоғы белгісіз. Сол себепті апаттық-құтқару жұмыстарын әлі де жалғастырамыз, - деді Қайрат Қасым.

Оның сөзінше, іздестіру жұмыстарына ғимарат конструкциясы, сондай-ақ жарылыстан қираған түрлі техникалар кедергі келтіруде. Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты.

Жалпы оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында бүгін түсте бір қабатты ғимараттағы газ жарылыс салдарынан 7 адам үйінді астында қалған. Бір сағат бұрын үйінді астынан екі адам табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы