Қостанай облысында жарылыс салдарынан 7 адам үйінді астында қалды

11 Желтоқсан 2023, 13:51
1427
Бөлісу:
Қостанай облысында жарылыс салдарынан 7 адам үйінді астында қалды
VIDEO
Фото: Kostanaynews телеграм-каналы

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:36-да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Наша газета" телеграм-каналы жазды.

Белгілі болғандай, оқыс оқиға бүгін сағат 12:36 шамасында Энергетиктер, 1 (бұрынғы  Красный партизан) мекенжайындағы "Амангелді" тұрғын алабында орын алған.

ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылысынан бір қабатты ғимарат қираған. Салдарынан 7 адам үйінді астында қалған. 

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі де жарылыс болған жерге келді. Жедел штаб құрылды.

Өзгелердің жаңалығы