ұшақ
-
-
Ұшақ апаты. Неден болғаны 10 қаңтарда жария етіледі - Берік Камалиев
Оның айтуынша, "Fokker-100" ұшағы 1996 жылдың 8 ақпанында шығарылған. Оның 2020 жылдың 21 мамырына дейін ұшуға сертификаты бар.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Билет құнының көтерілуі туралы ақпарат жалған
Оның сөзінше, "Bek Air" әуе компаниясының 27-31 желтоқсан аралығына жоспарланған 100-ге жуық рейсі орындалмайды. Бұл бағыттарға барлығы 9157 билеттің (8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте) құны толық қайтарылады.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Тоқтар Әубәкіров көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың отбасына және ұшақ апатынан көз жұмған басқа да марқұмдардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Bek Air авиакомпаниясының сертификаты тоқтатылды
Bek Air әуекомпаниясында барлығы 10 ұшақ тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясы пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификатты тоқтатылды.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Bek airдың қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі
Ұшақтың борттағы сөзді өздігінен жазатын құралы алынды, енді ондағы шифрды анықтау үшін ол Мемлекетаралық авиациялық комитетке (Мәскеу) жібереміз.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Ұшқыш қалыптан тыс қауіппен күрескен - техникалық сарапшы
Сарапшының айтуынша, жолаушлырдың аман қалуы және куәгерлердің бейнетүсірілімдері мен фотолары ұшақ көкке көтеріле бергенде қозғалтқышта ақау пайда болғанын көрсетеді.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. ІІМ апат себептерін тексеріп жатыр
Ұшу-қону жолағына тексеру жүргізілді. Әуе кемесінен өздігінен жазғыш құралдары мен борт журналы алынды. Қазіргі уақытта ұшақтың құлау ауданын тексеру жалғасуда.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Fokker компаниясы арнайы мамандар жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландтық әуеқұрастырушы Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жібереді.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Әзербайжан президенті қазақ халқына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты. Пәкістан президенті қазақ халқына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан президенті Ариф Алви, премьер-министрі Имран Хан және сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты қазақ халқына көңіл айтты.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты: Өзбекстан президенті қазақ халқына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Алматы маңында жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қазақ халқына көңіл айтты, деп хабарлады Өзбекстан Республикасы президентінің ресми сайты.
28.12.2019
-
Мәскеуде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудің Шереметьево әуежайында "Sukhoi Superjet 100" жолаушылар ұшағы
ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды 24.kz.
28.12.2019
-
Ұшақ апаты: Қырғызстан президенті қазақ халқына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайты.
28.12.2019
-
28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
28.12.2019
-
Түркияның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты.
27.12.2019
-
Ұшақ апаты: Bek Air бүкіл билетті қайтарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Bek Air" әуе компаниясының 27-31 желтоқсан аралығына жоспарланған барлық рейстері орындалмайды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
27.12.2019
-
"Астана Балетте" қойылым көрсетілмейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты 28 желтоқсанда "Шерткіш" қойылымы көрсетілмейді.
27.12.2019
-
28 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстары тегін тасымалданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana компаниялар тобы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында 2019 жылғы 28 желтоқсанда қосымша рейстерді іске қосады.
27.12.2019
-
Ұшақ апаты: шұғыл желіге Нидерланды, АҚШ, Филиппин сынды бірқатар елден қоңырау келіп түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Fokker-100 Бек Эйр компаниясының жолаушылар ұшағы апатының төтенше жағдай салдарын жою туралы ақпарат таратты.
27.12.2019
-
Мамин тапсырмасы. Апат себебі екі аптада анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Bek Air әуе компаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілді.
27.12.2019
Наверх