28 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстары тегін тасымалданады

27 Желтоқсан 2019, 20:41
3991
Бөлісу:
28 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстары тегін тасымалданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana компаниялар тобы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында 2019 жылғы 28 желтоқсанда қосымша рейстерді іске қосады. Бұл туралы "Эйр Астана" АҚ Корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

Нұр-Cұлтаннан рейстер таңғы сағат 05:00 және 10:00 орындалады, ал Алматыдан - 07.15 және 07.45 орындалады. Bek Аir әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағында зардап шеккен жолаушылардың жақын туыстары тегін тасымалданады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жаңа жылғы мереке күндері мен демалыста Air Astana компаниялар тобы Алматыдан Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларына қосымша рейстер енгізеді.

Билеттерді ең тиімді бағамен airastana.com және flyarystan.com сайттарында, және тіркелген қазақстандық агенттіктері арқылы сатып алуға болатынына назар аударуларыңызды сұраймыз. Өзге интернет сайттарда билет бағасында айырмашылықтар болуы мүмкін, - деп хабарлады "Эйр Астана" АҚ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы