"Астана Балетте" қойылым көрсетілмейтін болды

27 Желтоқсан 2019, 21:14
2603
Бөлісу:
"Астана Балетте" қойылым көрсетілмейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты 28 желтоқсанда "Шерткіш" қойылымы көрсетілмейді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде ұшақ апатына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғандықтан, "Астана Балет" театры 2019 жылғы 28 желтоқсан, сағат 18:00-ге жоспарланған "Шерткіш" қойылымы көрсетілмейтінін хабарлайды. Билеттерді қайтару мәселесі бойынша,8 (771) 936-53-53 нөмірі арқылы Тикетонның Клиенттерді қолдау қызметіне және 62-12-12 телефоны арқылы театр кассасына хабарласуларыңызды сұраймыз, - делінген таратылған ақпаратта.

28 желтоқсанда Театр кассасы сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Жеке бас куәлігіңіз қажет.

"Астана Балет" театрының ұжымы Алматы - Нұр-Сұлтан бағытымен ұшқан 2100 рейсінің апатқа ұшырауына байланысты марқұмдардың отбасы, туған-туыстары мен ет жақындарына қайғырып, көңіл айтады.


Өзгелердің жаңалығы