Түркістан
-
-
Түркістан облысында жаңа ТЖД ғимараты мен өрт сөндіру бөлімі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қазанында Құтқарушылар күні қарсаңында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
16.10.2021
-
Түркістанда 1 тәулікте 5516 адам вакцина қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 939515 адам екпе қабылдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
15.10.2021
-
Түркістанда онкологтар мен радиологтар бас қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Қазақстан онкологтары мен радиологтарының VIII съезі басталды. Ашылу салтанатына онлайн режимде Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.
14.10.2021
-
Ясауи музейі құнды жәдігерлермен толығып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи музейі пайдалануға берілгені белгілі. Заман талабына сай салынған сәулетті орталықта Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысын, өмірі мен ілімін жаһанға өз деңгейінде танытып, ғұламаның терең зерттелген рухани мұраларын қою мақсаты көзделген.
13.10.2021
-
Шөкеев: Түркістанның туризмі үш бағытта дамып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып, 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік инвестициялық жобаның жүзеге асады. Нәтижесінде 1050 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
12.10.2021
-
Тәртіп сақшысына пара бермекші болған жүргізуші жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кезекті жұмыс күнінде Жетісай ауданы полиция бөліміне ЖПҚ ППР қызмет инспекторы полиция капитаны Мұстафа Тұрлыбеков, Жетісай қаласының М.Әуезов пен Махамбет көшелері қиылысына жедел тергеу тобының тез арада жетуін сұраған, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
12.10.2021
-
Түркістанда 100 Құран хатым дұғасы жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.
11.10.2021
-
Әбдіқалықова: Театрдың "Бөртемен" ашылуы тарихи жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай қасиетті Түркістан қаласында ашылған заманауи музыкалық-драма театрды Сыр жұртшылығы атынан құттықтады.
10.10.2021
-
Түркістандағы жаңа театрда “Бөрте” спектаклі қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда белгілі жазушы Дулат Исабековтың пьесасына қойылған "Бөрте" спектаклі өтті.
10.10.2021
-
Түркістанда банк қызметкері клиенттің атынан 5 млн алып, өз пайдасына жұмсаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері 5 млн теңгені алаяқтық жолмен алған деген күдікпен банк қызметкерін ұстады.
08.10.2021
-
«Айбын-2021»: Түркістанда республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада VII «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтті.
08.10.2021
-
Алма бағына кірген бөтен жылқыларды атып өлтірген ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан полицейлері өзгенің жылқыларын қарумен атты деген күдікпен ер азаматты ұстады.
07.10.2021
-
Түркістанда «Ұстаздар аллеясы» ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мұғалімдер мерекесі қарсаңында Т.Рысқұлов мектеп-лицейі алаңынан «Ұстаздар аллеясы» пайдалануға берілді.
04.10.2021
-
Түркістандық полицейлер ардагерлерді құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық полицейлер Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерді құттықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
01.10.2021
-
Түркістанда Орталық Азия елдерінің өкілдері төмен көміртекті саясат тәжірибесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанда «Өңірлік ынтымақтастық және көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу бағытында бірлескен іс-қимылдар» атты алғашқы Орталық Азия форумы өтіп жатыр.
01.10.2021
-
Түркістанда 5 елді мекенге газ берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сайрам ауданында табиғи газ қосылған елді мекендер саны артты.
30.09.2021
-
Түркістандық ветеринарларға қызметтік автокөліктер тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының ветеринария саласының қызметкерлеріне ерекше қолдау көрсетілді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы саланың өкілдеріне жаңа 16 арнайы жабдықталған қызметтік көліктердің кілтін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
30.09.2021
-
Түркістанның аумағы ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға ұлғайды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты.
21.09.2021
-
Түркістан облысында 3 млн тонна көкөніс пен бақша өнімдері жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында күзгі жиын-терім жүріп жатыр. Бүгінге дейін 3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін күзгі өнімнің жалпы көлемі 3,5 млн тоннаға жеткізіледі, деп жазды otyrar.kz.
21.09.2021
-
Түркістанда мақтаның тоннасы 250 мың теңгеден қабылданып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Мақтаарал, Жетісай аудандарында алғаш болып мақта терімі басталды. Шитті мақтаның бір тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда.
18.09.2021
Наверх