Түркістанда тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын төмендетуге үлес қосып жатыр

6 Қараша 2021, 12:54
1631
Бөлісу:
Түркістанда тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын төмендетуге үлес қосып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Түркістан» ӘКК БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырып, тұрақтандыру қорының жұмысын көрсетті. Атап айтсақ, эко базар (жәрмеңке), әлеуметтік дүкен және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған сөрелері бар ірі супермаркеттерге барып, азық-түлік бағасын тұрақтандыру барысын саралады. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістанда тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын төмендетуге үлес қосып жатыр
Баспасөз туры барысында «Түркістан» ӘКК тұрақтандыру қоры директоры Лаура Жанасбаева қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының қоймаларында 5,7 тоннадан астам тауар, оның ішінде ұн, картоп, пияз, қант, күріш, макарон, тұз және тағы басқа өнімдер сақтаулы екенін атап өтті.
Түркістанда тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын төмендетуге үлес қосып жатыр

Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын халыққа ұсынатын 13 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. 5 супермаркетте («Дастархан», «Шапағат», «Береке», «Бәйтерек», «Дәулет») әлеуметтік маңызды тауарларға  арнайы сөрелер ұйымдастырылған. Бұдан басқа, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, эко базар аумағында әр жұма сайын ауыл шаруашылығы азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізіледі. Әлеуметтік тауарлардың бағасы дүкендер мен супермаркеттердегі арнайы сөрелерде нарық бағасынан 10-20% төмен бағада саудаланып жатыр. Мысалы, егер кәдімгі дүкендерде картоптың нарықтық бағасы 200-250 теңге шамасында болса, тұрақтандыру қорының сөрелерінен картоп,  сәбіз бен  қырыққабаттың келісін 100 теңгеге, пиязды 70 теңгеге, қантты 80 теңгеге алуға болады. Сондай-ақ 1 санаттағы жұмыртқаның бір данасы 32 теңге болса,  күнбағыс майы — 690, қарақұмық — 425, рожки — 186, тауық еті — 870 теңге. 
Түркістанда тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын төмендетуге үлес қосып жатыр

Жалпы, жыл басынан бері тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік павильондар, жәрмеңкелер және көшпелі сауда арқылы  367,8 тонна тауар сатылды.
Түркістанда тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын төмендетуге үлес қосып жатыр

Өзгелердің жаңалығы