спорт
-
-
Әскери қызметші жекпе-жектен ел чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі ефрейтор Отар Нұрбек жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан Чемпионатында топ жарып, әлем біріншілігіне жолдама алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі «БАТЫС» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
10.07.2019
-
«Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы матчын жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Астана» футбол командасы Румынияның «ЧФР Клуж» клубымен кездесті. Алғашқы ойын 1:0 есебімен елорда командасының пайдасына аяқталды. Гол авторы - Евгений Постников. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
10.07.2019
-
Отандық спортшы рекорд орнатып, Универсиада - 2019 финалына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неапольда жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындары жалғасуда. 50 метрге брасс әдісімен жарысудан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
10.07.2019
-
Әбілхан Аманқұл: Президент кубогында топ жаруды көздеп отырмын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының және әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұлға өткен жылдың соңында Германияда ота жасалған болатын. Содан кейін ұзақ уақыт жарыстарға қатысқан жоқ. Енді, 15 шілдеде басталатын Президент кубогында бақ сынамақ. Халықаралық дода алдында боксшымен жолығып, аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.
09.07.2019
-
Отандық боксшылар Германиядағы турнирден 7 медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда бокстан жастар арасындағы Brundenburg-Cup халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық боксшылар 7 медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
09.07.2019
-
«Президент Кубогы-2019» халықаралық турниріне 100-ден астам теннисші қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15-21 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында ATP Challenger және ITF Women's сериясындағы теннистен "Президент Кубогы-2019" халықаралық турнирі өтеді деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
09.07.2019
-
Ақтөбеде жүзуден және волейболдан қала біріншілігі өтті
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Қалада жүзуден және волейболдан ашық біріншілік ұйымдастырылды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
09.07.2019
-
Уимблдон-2019: Бүгін Кукушкин кортқа шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Уимблдонда "Үлкен дулыға" турнирінің 1/8 финалдық барлық матчы өтеді.
08.07.2019
-
Головкиннің келесі қарсыласы кім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторларының бірі Тим Ройнер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинді тағы да танымал емес боксшымен кездесуі мүмкін деп жазды.
08.07.2019
-
Илья Ильин Токиода 8-орынға тұрақтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония астанасы Токиода ауыр атлетикадан Олимпиада қарсаңындағы тестілік турнир өтуде. Аталған сынға Ибрагим Берсанов пен Илья Ильин қатысты деп хабарлайды Olympic.kz.
08.07.2019
-
Маусым айының үздк спортшысы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында «Маусым айының үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды. Отандық жанкүйерлер каратеші Дархан Асаділовті маусым үздігі деп таныды. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
08.07.2019
-
Батыстық әскери қызметшілер Елорда күнін ерекше атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау, Атырау және Ақтөбеде бұқаралық спортты дамыту шеңберінде әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының қатысумен Астана күніне арналған спорттық іс-шаралар өтті.
08.07.2019
-
Кадеттер арасындағы Азия чемпионаты: еркін күрес балуандары үш медаль иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп хабарлады Olympic.kz.
07.07.2019
-
Тоқаев министрге мәдениет және спорт қайраткерлерінің тұрмыс жағдайын жақсартуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
05.07.2019
-
«Жетісу бөрісі» атанған полицей тағы да топ жарды
СҚО, BAQ.KZ. Петропавл қаласында полицейлер арасында қазақша күрестен өткен «ҚР Ішкі істер министрлігінің чемпионаты» өз мәресіне жетті.
05.07.2019
-
Жеңіл атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалының қарсаңында баспасөз мәслихаты өтіп, жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері тағайындалды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
05.07.2019
-
Универсиада-2019: қазақстандық екі гимнаст финалға өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Неаполь қаласында басталған жазғы Универсиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.
05.07.2019
-
Елімізде өтетін халықаралық турнирде теннисшілер бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 шілде күндері елордалық ұлттық теннис орталығында әуесқойлар арасында теннистен Nur-Sultan Open халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
04.07.2019
-
Қанат Ислам мен оның қарсыласы салмағын өлшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен (25-0) оның қарсыласы доминикандық Хулио де Хесус ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
04.07.2019
-
Елордада Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің көрсетілімі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі астанада өтті.
04.07.2019
Наверх