Нысана көздеуден Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

25 Қыркүйек 2019, 19:47
1842
Бөлісу:
Нысана көздеуден Қазақстан кубогінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда нысана көздеуден Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

"Тапаншамен көздеуден әйелдер арасындағы бәсекеде шымкенттік Зәуреш Байбосынова топ жарды. Екінші орында қарағандылық Ольга Аксенова, үшінші сатыда алматылық Юля Абрамова. Ерлер арасындағы сында Алматы қаласының өкілі Владимир Исаченко көш бастады. Елордалық Иван Литвиненко екінші, павлодарлық Максим Мазепа үшінші орында", - делінген таратылған ақпаратта.   
Өзгелердің жаңалығы