мектеп
-
-
Қазір мектеп бітіру кеші "Кім қайда жасайды?" деген жарысқа айналды – Шәмшидинова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР БҒМ министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет отырысында мектеп бітіру кештерін өткізу туралы өз ойын айтты.
15.04.2019
-
Алдағы үш жылда елімізде 190 мектеп салынады – Шәмшидинова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 2021 жылға дейін 190 мектеп салынады. Бұл ең алдымен үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің проблемасын шешуге бағытталып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
15.04.2019
-
ШҚО-да әлеуметтік нысандарды дамытуға арналған қаражат толық игерілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда 16 миллиард теңге қаражат денсаулық, білім және спорт нысандарын дамытуға бағытталған. Бұл жөнінде облыстық Мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясында депутаттар алдында есеп берген ШҚО Қаржы басқармасының басшысы Қайрат Ерембесов хабарлады.
15.04.2019
-
ШҚО білім беру мекемелеріне 100 мың оқулық сатып алынған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Шығыс Қазақстанда облыстық бюджеттің қомақты бөлігі, яғни 26 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясы барысында ШҚО Қаржы басқармасының басшысы Қайрат Ерембесов хабарлады.
13.04.2019
-
Балаға жаттауды емес, ойлануды үйретеміз – Шәмшидинова
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда салынған 1672 мектептің 521 Оңтүстік өңірінде, яғни қазіргі Шымкент қаласы және Түркістан облысында ашылған. Енді тағы 190 мектеп салу жоспарланып отыр.
12.04.2019
-
Мектеп оқушылары Абу-Дабиде өткен жарыстан жүлделі оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірлігінен балалар «қола» және «күміс» алып келді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
03.04.2019
-
Республикалық мектеп олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15-30 наурыз аралығында Ақтөбе және Қызылорда қалаларында республикалық мектеп олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Білім додасына бүкіл Қазақстаннан 9-11 сыныптардан 1432 оқушы қатысты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
02.04.2019
-
Ақмола мектептері «Smart-мектеп» жүйесіне қосылуда
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биыл Ақмола облысында 457 мектеп «Smart-мектеп» жүйесіне қосылады.
01.04.2019
-
Петропавлда физика пәні мұғалімдерінің халықаралық форумы өтіп жатыр
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда жоғары оқу орындары, колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің физика пәні мұғалімдерінің қатысуымен халықаралық форум өтіп жатыр. «Шексіз педагогикалық кеңістік» тақырыбында ұйымдастырылған жиын Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам педагогтің басын қосты.
29.03.2019
-
Виртуалды шындық зертханасы АҚШ пен Қытайдан кейін Қазақстанда іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін виртуалды шындық зертханасының «NurLab» жаңа жобасының тұсау кесері өтті.
29.03.2019
-
Павлодарда мектеп директорлары демалыс бөлмесінен бас тартып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында 30-дан астам мектеп директоры демалыс бөлмесінен бас тартты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев мәлімдеді.
28.03.2019
-
Шахтинск мектебінде қоңырау соғылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысынының Шахтинск қаласында финдік білім жүйесінің кейбір элементтері енгізілді. Бұл туралы 24 kz хабарлады.
24.03.2019
-
Атырауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Астана, BAQ.KZ. Еркінқала ауылдық округінің Ракуша ауылында жаңа жалпы білім беретін мектеп салынды, деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
20.03.2019
-
Павлодар мектептерінің 25% жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізеді
Астана, BAQ.KZ. Павлодардың №7 жалпы орта білім беру мектебінде үш тілді оқыту бойынша «Үздік сабақ әзірлеу» жөніндегі І қалалық байқауы өтті, деп жазады pavlodarnews.kz.
19.03.2019
-
Шымкентте оқушылар белгісіз иістен уланды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте мектеп оқушылары мен қызметкерлері белгісіз иістен уланды. Оқиға 18 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Шымкенттің Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданындағы №54 мектепте болған.
19.03.2019
-
Қостанай облысында шамамен 3 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы Қостанай облысында 18 аудиторлық тексеру жүргізіліп, 2,9 млрд теңге бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Сондай-ақ, 1 млрд теңгеден астам қаржы тиімсіз жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста айтылды.
18.03.2019
-
ШҚО-да мектеп түлектерінің өзге өңірлерден білім алуы 30% азайған
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысында мектеп түлектерін өңірде қалдыру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудан, қалаларға аттанған арнайы комиссиялар мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
17.03.2019
-
Қызылордалық ұстаздар мен оқушылар мектепте ұлттық киім киеді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Қазалы ауданының мұғалімдері мен оқушылары мектепке ұлттық киім киіп келуде.
15.03.2019
-
Алматыдағы мектептерде «Ата-аналар қонақ бөлмесі» ашылды
Астана, BAQ.KZ. Бұл қала мектептерінің әкімшілік аумақтарын оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
14.03.2019
-
Әйгілі математик Түркістанда мектеп ашпақшы
Түркістан, BAQ.KZ. Әйгілі Нагата есебін шешкен белгілі математик Уалбай Өмірбаев Түркістан қаласында өз мектебін ашады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуде мәлім болды.
13.03.2019
Наверх