Астана, BAQ.KZ. Бұл қала мектептерінің әкімшілік аумақтарын оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Алматы – адалдық алаңы» жоба кеңсесі Білім басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері Департаментімен бірлесіп қаладағы 204 мектептің 34-інің әкімшілік аумақтарын, оның ішінде мектеп директорларының кабинеттерін оңтайландырды.
Босаған аудандар мектептің қажеттілігіне және оқу-тәрбие процесінің сапасының артуы үшін қолдануға берілді.
Барлық мектепте «Ата-аналар қонақ бөлмесі» жобасын іске асыру мүмкін болды. Оның аясында босаған кабинеттерде жұмыс техникалары сабақтары, психологтар кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша инспекторлар жұмыс жасайтын психологиялық демалу орындары ұйымдастырылған. Сонымен қатар, мектеп әкімшілімен ата-аналармен кездесу жүргізіледі.
Әрбір мектептің ата-аналар қауымы бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді шешу, «қиын» жасөспірімдермен әңгімелесу және тәрбие ісін жақсарту бойынша ұсыныстарды қарау үшін өздерінің жеке кеңістігі болуы қажет.
«Отбасы және мектеп» - өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қажетті екі айырылмас элемент. Сондықтан, заманауи білім беру процесінде «ұстаз-ата-ана-бала-мектеп психологы» арасындағы тығыз байланысты сақтау аса маңызды», - деп көрсетті «Алматы – Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Братенков Александр.
Осыған орай, бүгін қаладағы мектептердің бірі (№10 ОМ) Айнабұлақ-3 шағын ауданындаа орналасқан мектепте қоғам өкілдерінің қатысуымен аталған жобаның тұсаукесері болып өтеді.
«Ата-аналар қонақ бөлмесі» жобасының ашылуы «Алматы – адалдық алаңы» сыбалас жемқорлыққа қарсы жобасының ықпал етуімен жүзеге асуда. Ата-аналар қауымымен жұмыстың «Ата-аналар қонақ бөлмесі» атты жаңа форматын бастау алды», - деп атап өтті мектеп директоры Абитова Жанар.
Жаз кезеңінде кейбір мектептерде ремонт жүргізу барысында бейнебақылау, терезе есіктері бар сынып бөлмелері ашылып, ата-аналар өз балаларының тәрбие ісі бойынша бақылай алатын болады.
Атап өту қажет, «Алматы – адалдық алаңы» жоба кеңсесі алдынғы жылдың соңында Алматы қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ашылған болатын. Кеңсенің негізгі мақсаты мен міндеті тұрмыстық жемқорлықты азайту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру болып табылады.