Атырау
-
-
Атырауда ТAZALYQ кешенді жобасы жүзеге асады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау мұнай өндіру зауытында облыстың экологиялық мәселелері бойынша ғылыми конференция өтті. Оған ғалымдар, экологтар, зауыт басшылары, халық қалаулылары, үкіметтік емес ұйым және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.
17.05.2019
-
Атырауда 25 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Атырау облысы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 25 мыңға жуық адамды қамту жоспарлануда. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты.
16.05.2019
-
Атыраудағы тұрғын үйлердің қабырғаларына street art суреттер салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәні оқытушылары облыс орталығын безендіруге үлес қосуды қолға алды, деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
14.05.2019
-
Атырауда маса улауға 127 млн теңге бөлінді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласында масаны улау жұмыстары басталды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 127 млн теңге қаржы бөлінген.
14.05.2019
-
Атырауда велоспорт мектебінің жұмысы жандануда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласындағы велоспорт балалар-жасөспірімдер мектебінің жұмысы жандануда.
13.05.2019
-
Атырауда "Мәңгілік данқ" шеруіне 200 адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің мұнайлы астанасының көшелерінде «Мәңгілік данқ» акциясы өтті, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
08.05.2019
-
Атырауда ескерткіш тақта ашылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Шалқар Ақымғалиевтың отбасына Президент жарлығымен III дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Қызмет бабында қаза болған полицейдің анасы Ләззат Мәженқызына мемлекеттік награданы бүгін Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев табыс етті.
07.05.2019
-
Атырауда "Мұнайшы" стадионының футбол алаңы жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі спорт нысанындағы жұмыстардың барысын инспекциялап, мердігер ұйымның өкілдермен сөйлесті. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
07.05.2019
-
Атырауда 200-ге жуық жас патриоттар клубы жұмыс істейді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырау облыстағы әскери-патриоттық клубтардың «Саптық көрінісі» өтті. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 24 жылдығына арналған шараға облыстық және қалалық білім беру басқармасы мен Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері қатысты.
06.05.2019
-
Президент сайлауы – 2019. Атырауда арнайы қоғамдық штаб құрылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусымда өтетін ҚР Президенті сайлауына орай, Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы жанынан қоғамдық штаб құрылды.
04.05.2019
-
Атырауда Елбасы Жолдауы жүйелі жүзеге асуда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдаудын насихаттау мен түсіндіру мақсатында ақпараттық топ мүшелері студенттермен кездесті.
03.05.2019
-
Атырауда азан шақырудан алғашқы сайыс өтіп жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда «Иманғали» орталық мешіті азаншылар сайысы өтіп жатыр. «Әсем әуезді азаншы» атты ерекше сайыс 100-ге жуық жамағат бақ сынауда. Жарысқа қатысушылардың ең жасы - Құлсары қаласынан келген 14 жастағы Ұлан Балтабай. Ол жақында өткен VIIІ республикалық Құран оқу сайысына да қатысқан.
02.05.2019
-
Мәжіліс депутаттары Атырауға барды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құрманзағы ауданына қарасты Азғыр өңірінің тұрғындарымен кездесті. Іс-сапардың басты мақсаты – аталған елдімекенге газ құбырын тарту және оның жұмыс барысымен танысу.
02.05.2019
-
Атыраулық ақсақалдар үндеу жариялады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық ақсақалдар жергілікті кәсіпкерлерге үндеу жариялауда. Кешеден бері әлеуметтік желі арқылы тараған бейнебаяндар көпшіліктің назарын аударды. Олар бейнебаянда қаладағы бірқатар дүкендерді аралап, кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпай, осылайша қасиетті айға құрмет көрсетуге шақырған.
02.05.2019
-
Атырауда Ұлыбританияның сауда өкілдері жүр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы елімізге инвестиция тартудан көш бастап тұр. 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында тартылған инвестицияның жалпы көлемі 620 млрд теңгеге жуық.
30.04.2019
-
Атырауда Рамазан айында «Ел үлесі пәтерге» жобасы қолға алынады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізіп, бірнеше күннен соң басталатын Рамазан айына байланысты жаңалықтармен бөлісті.
30.04.2019
-
Атырауда сенбілік аясында екі мың көшет егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуежайға баратын жол бойына шаған, үйеңкі, қарағаш көшеттері егілді, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
28.04.2019
-
Атырауда екпеден бас тартатын ата-ана аз емес
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда жыл басынан бері 100-ден астам ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартқан. Ақ халаттылардың айтуынша, олардың 70 пайызы діни көзқарасына байланысты.
27.04.2019
-
Атырауда "ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" байқауына өтінімдер қабылдануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
26.04.2019
-
Атырауда туберкулез жұқтырған балалар саны азаймай тұр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Облыста балалар туберкулезі өршіп тұр. 2018 жылы өкпе дертін 1-ден 14 жасқа дейінгі 64 бала жұқтырса, биылғы 4 айдың ішінде 25 бала сырқатқа шалдыққан. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Өкінішке орай, туберкулез жұқтырған жасөспірімдердің көрсеткіші де мәз емес. Мамандар мәліметіне сүйенсек, 15-17 жас аралығындағылардың ауру дерегі алпыс пайызға артқан.
25.04.2019
Наверх